Меню

Страницы

Статья

Ірі қара малдарының инфекциялық ринотрахеиті

Ірі қара малдарының инфекциялық ринотрахеиті (ағыл. Ihfectious bovihe rhihotrakheites) – дене қызуының  көтерілуімен, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының қабынуымен  және жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. 

Инфекция қоздырушысы герпесвирустар (ағыл. Bovid (alpha) herpesvirus) туыстығы мен тұқымдастығына жатады.

Бұл жануарлар арасында жиі кездесетін инфекциялық ауру. Сиырдың барлық тұқымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересектеріне қарағанда жас малдың бұл ауруға сезімталдығы жоғары. Әсіресе жатырдағы төл ерекше сезімтал, вирустың әсерінен  тез өледі де буаз мал іш тастайды. Сауыққан жануар 6-19 ай вирус бөліп шығарады. Вирус денеден танаудан аққан сорамен, көздің жасымен, сүтпен, несеппен, нәжіспен, шәуетпен шығады. Әдеттегі жағдайда вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады.

Аурудың жасырын кезеңі 2-4 күн. Клиникалық байқалуы қоздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялық жай-күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы көтеріліп                40-420 С жетеді, бейжай күйге түсіп, жемшөптен бас тартып, тез арықтап, сауын сиырдың сүті қайтады.

Инфекциялық ринотрахеит - бұл емделетін ауру. Дер кезіндегі диагностика мен емдеу аурудың асқынуының алдын алады.

Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған сүтті 70 о С температурада 30 минут пастерлеуден кейін адамдарға тамаққа қолдануға болады. Етін ауру жазылған соң екі аптадан кейін сойып жеуге болады. Адамдарға қауіп жоқ.

Ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының  Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Бөкей ордасы, Ақжайық, Бәйтерек, Теректі аудандарында  ауыз қуысында ойық жаралардың пайда болуы, сілекей ағуы белгілерімен мүйізді ірі қара малдары ауырды. Зертханалық тексеру нәтижесінде Шыңғырлау, Сырым, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Теректі аудандарының сараптамалық қорытындыларында «Инфекциялық ринотрахеит» диогнозы қойылған, ал Бөрлі, Ақжайық аудандарынан жіберілген материалдардың сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Облыс бойынша жыл басынан бері ірі қара малдарының инфекциялық ринотрахеиті бойынша 7 ошақ (Шыңғырлау ауданы-1, Сырым ауданы-3, Бәйтерек-1, Бөкей орда-1, Теректі-1) тіркелді. Ауруға ұшыраған 3 258 бас малына емдеу шаралары жүргізіліп, барлық малдар сауықтырылды.

Ауру анықталған ошақтарға шектеу қойылып, тиісті ветеринариялық іс - шаралар кешені толық өткізіліп, сауықтыру шаралары жүргізіліп, соның нәтижесінде барлық белгіленген шектеу шаралары алынды, ауру және ауруы бойынша күдiктi жануарлар тұрған қора-жайлар, сондай-ақ күтіп-бағу құралдары, арнайы киiмдер мал төсенiштері мен қи зарарсыздандырылды.

Облыс бойынша малдың өлімі тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта  өңірімізде эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Жалпы мал өсіруші тұрғындар жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу және ауруды жұқтыруды болдырмау үшін келесі ережелерді қатаң сақтауы қажет:

- меншігіндегі ауру белгілері бар жануарды уақытында анықтау, оқшаулау және  жергілікті жердегі ветеринарлық қызмет өкілдеріне дереу хабарлау;

- жануарға күтім жасағанда арнайы киімді (халат, кленкалы алжапқыш, резіңке етік және қолғапты) қолдану;

- жануарларға күтім жасағаннан кейін жеке тазалық ережесін сақтау, сабынды ыстық сумен үнемі қолды жуу;

- қора-жайларға дезинфекция жүргізу;

- жаңа сауылған сүтті тұтынбау, тек қайнатылған сүтті тұтыну;

-  етті мұқият қайнату қажет;

- тиісті құжаттары бар ет және сүт өнімдерін тұтыну.

Бұл қарапайым ережелерді қатаң сақтаған жағдайда және ветеринарлық мамандар тарапынан тиісті ветеринариялық іс-шаралар уақытылы  атқарылған жағдайда ғана аурудан сақтануға болады.

 

 

 

 

Эпизоотияға қарсы ветеринариялық

 іс-шаралар бөлімінің бас маманы                               Г.С. Бектасова

 

 

Дата публикации
28 апреля 2022
Дата обновления
28 апреля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы