Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың I тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ветеринария басқармасымен мемлекеттік  қызметтің 4 түрі көрсетіледі:

1.Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру. 

2.Ветеринариялық анықтама беру.

  1. Ветеринариялық паспорт беру.
  2. Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру.

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны – электрондық және электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде веб-портал арқылы көрсетіледі. 

2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша барлығы 48 576 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның ішінде 7 405 ветеринариялық анықтама, 41 171 ветеринариялық паспорт берілді.

2022 жылдың  I  тоқсанында ішкі бақылау шаралары Орал қаласы және Бәйтерек, Тасқала аудандарында жүргізілді. Ішкі бақылау кезеңінде аталған аудандарда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсыну бойынша, көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік коғамында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгісі орналастырылған ақпараттық стендтердің  болуы, көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету, көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен көзделген жұмыс уақытын сақтауға қатысты тағы басқа мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты  мәселелер қаралды. Алдағы уақытта да ішкі бақылау қызметі өз жалғасын табатын болады.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz ) сайтынан ала аласыз.

 

 

Талдау, болжау,  ветеринариялық есеп және

лицензиялау бөлімінің бас маманы

Р.Уразалиева

 

Дата публикации
26 апреля 2022
Дата обновления
26 апреля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы