Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру тәртібі мен «Жасыл дәліз-3» шарасы туралы

ҚР-ң «Ветеринария туралы» Заңына сай, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру дегеніміз – малға сырғалау, таңбалау арқылы жеке нөмiр беріп, жануардың және оның иесі туралы мәлiметтердi  электрондық дерекқорға енгiзіп есепке алу рәсiмi. Бірдейлендіру  жүргізу тәртібі   ҚР     Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында» белгіленген.Қағидаталабына сай Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарларыбірдейлендірілуі тиісті. Заң талабы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының барлық төлдері  – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі, тек құлындарға  таңба басылатын жағдайда  – төрт айлық жасынан бастап бірдейлендіруге жатады.

«Ветеринария туралы» Заңының 25-бабының талабына сәйкес мал өсіруші жеке және заңды тұлғалар өз меншігіндегі  ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге міндетті. Ол үшін жеке тұлғалар жергілікті ветеринариялық пунктке алынған мал төлдері туралы хабарлайды, ал шаруа қожалықтарыбасшылары әр жыл басындаалдағы төлдеу (бұзаулау,құлындау, т.б.) кестесін ұсынуы тиіс. Жергілікті ветеринариялық мамандар мал иелерінің хабарламасы мен төлдеу кестелерінің  негізінде өздері қызмет көрсететін аумақта мал басын бірдейлендіру жүргізеді.

Жыл сайын ветеринария басқармасымен облыстық жоспар жасақталып, жоспарға сәйкесауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру шаралары ұйымдастырылып отыр. Өткен 2021  жылы облыс бойынша  260154  бас ірі қара, 626542 бас ұсақ мал, 19039 шошқа, 512 түйе, 51740 жылқы бірдейлендірілді. Бірақ соған қарамастан өткен жыл соңында облыс аудандарында 18650 бас ірі қара, 9676 бас ұсақ мүйізді қара, 12 түйе мен 2164 жылқы төлдері  бірдейлендірілмей, тіркеуге алынбай қалып қойғандығы анықталды. Бұл жағдай қажетті сырға бұйымдарының облысқа уақытылы келмеуінен, өткен жылы бірдейлендіру  дерекқорында төлді тіркеу жасын 3 айға дейін шектеу енгізілуіне байланысты орын алды. Сонымен қатар мал өсіруші тұлғалардың меншігіндегі мал төлдерін уақытылы бірдейлендіру міндеттеріне жауапсыз, атүсті  қарауы да мәселенің бір себебі болып табылады.

Аталған мәселеге қатысты,  өткен жыл соңында Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен облыс шаруашылықтарында тіркелмей қалып қойған мал  төлдерін толық әрі нақты жасына сай тіркеуге қоюға рұқсат беру туралы  Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше қызметтік хаттар жолданған. Соған сәйкес қазіргі уақытта  Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен   ағымдағы  жылдың 1 ақпан мен 31 мамыр аралығында ел аумағында  тіркелмей қалған  мал басын тіркеу, заңдастыру  үшін  «Жасыл дәліз – 3» шарасын жүргізу жөнінде шешім қабылданып отыр. Бұл ретте тұрғындардың қаперіне «Жасыл дәліз» шарасының белгіленген мерзімдерден тыс ұзартылмайтындығы ескертіледі. Бұл «Жасыл дәліз» шарасы шеңберінде облыстағы мал өсіруші жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары бұрын тіркеуде жоқ малдарын бірдейлендіріп, дерекқорға тіркеуге қоя алады. Ол үшін мал өсііруші тұлғалар тұрғылықты жері бойынша ветеринариялық ұйымдарға хабарласып, өтініш пен басқа да тиісті құжаттарды ұсынуы  қажет. Себебі «Жасыл дәліз – 3» шарасының шарттары бойынша малды бірдейлендіру дерекқорына тіркеу үшін жергілікті ауыл әкімі аппараттарының шаруашылық кітаптарындағы мал саны негіз болады және малды дерекқорға тіркеу кезінде  мал иесіне қатысты шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректері енгізіліп, сканерленген нұсқасы немесе фотосуреті жалғанады. Яғни шарт бойынша малдәрігерлік ұйымның бірдейлендіру дерекқорына тіркеуге өтініш берілген ауыл шаруашылығы жануарлары ауыл әкімшілігінің шаруашылық кітабында тіркелген болуы міндетті, егер мал иесінің  санаққа берген мал басы жеткіліксіз болса, тіркеуге өтініш берілген малдар алдымен ауыл әкімшілігінің есебіне қойылуы қажет.  Ветеринария басқармасымен барлық  аудан әкімдіктеріне «Жасыл дәліз – 3» шарасы туралы қызметтік хаттар жолданып, тұрғындар мен малдәрігер мамандарға шаруашылық есепке алу кітаптарының деректерін беруді ұйымдастыру жөнінде хабарланды.

Облыс аумағында «Жасыл дәліз – 3» шарасын өткізу жұмыстарына тұрақты бақылау жасалып, орын алып отырған мәселелер апта сайын орталық мемлекеттік органдармен өткізілетін селекторлық кеңесте талқыланады. Қазіргі уақытта малды тіркеуге қоюда шаруашылық есепке алу кітаптарының деректерін алуды біріздендіру  мәселесі қарастырылуда.

Бүгінгі күні облыста  мал сырғаларының  жетіспеушілігі жоқ,ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті сырға бұйымдары жыл басында барлық жергілікті ветеринариялық ұйымдарға сұраныстарына сай бөлініп, жеткізілді.Ағымдағы жыл ішінде сырға жетіспеушілігі болған жағдайда облыстағы қолда бар сырға бұйымдарын  аудандар арасында  қайта бөлу шаралары жүргізілетін болады. Сонымен қатар облыстағы шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтері  жергілікті ветеринариялық ұйымдар арқылы жеке нөмірлер  эмиссиясына сұраныс беріп, өз қаржысы есебінен қажетті сырға бұйымдарын дайындап алу  мүмкіндігі бар.

Өз меншігіндегі ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіріп, тіркеуге қоймағаны үшін мал иелеріне  әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес жануарларды асырау, өсiру және пайдалану кезіндеветеринариялық қағидаларды, талаптарды сақтамау түрінде жасалған бұзушылық - жеке тұлғаларға – жиырма, шаруа қожалықтары басшыларына  – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мал өсіруші тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, бұрын тіркелмеген мал басын  «Жасыл дәліз» шеңберінде тіркеуге қою бойынша сұрақтарына  тұрғылықты жеріндегі ветеринариялық ұйымдарға немесе облыстық ветеринария басқармасының 8(7112)  24-31-53, 24-08-83  қызметтік телефондарына хабарласып, жауап алуына болады.

БҚО ветеринария басқармасының

бөлім басшысы                                                           Н.Құсайынов

Дата публикации
16 февраля 2022
Дата обновления
16 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы