«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453бұйрығы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстың ветеринария басқармасына қарасты Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станцияларымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің бірі «Ветеринариялық анықтамалар беру» болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен стандартқа сәйкес құжаттардың ұсынуы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне негіз болады.
Ветеринариялық анықтаманы алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде – ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz ) сайтынан ала аласыз.
Бас маман Қ.Хамитов