Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 тоқсандағы ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген ішкі бақылау туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі – Ішкі мемлекеттік бақылау) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін үйлестіретін тиісті құрылымдық бөлімшелері бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізеді.

Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №85-н өкімі негізінде 2021 жылға арналған ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңнаманың талаптарын сақтау мәселелерін бақылау іс-шаралары жоспары жасақталды. Жоспарға  сәйкес, Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасына бағынысты кәсіпорындары «Орал қалалық және аудандық ветеринариялық станциялармен» көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде  Қазақстан Республикасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамаларының сақталуын бақылау  үшін тоқсандарға бөлініп, барлық аудандар қамтылды.

2021 жылдың  I  тоқсанында ішкі бақылау шаралары Орал қаласы және Бәйтерек, Тасқала аудандарында жүргізілді. Ішкі бақылау кезеңінде аталған аудандарда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсыну бойынша, Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік коғамында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгісі орналастырылған ақпараттық стендтердің  болуы, көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету, көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен көзделген жұмыс уақытын сақтауға қатысты тағы басқа мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты  мәселелер қаралды. Алдағы уақыттада ішкі бақылау қызметі өз жалғасын табатын болады.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz ) сайтынан ала аласыз.

 

 

Талдау, болжау,  ветеринариялық есеп және

лицензиялау бөлімінің бас маманы

Р.Уразалиева

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы