Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, олармен жұмыс істеу бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында елімізде жаңа «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.Жаңа жүйені енгізудің мақсаты азаматтарды қабылдауды бір платформаға тоғыстыру, сондай-ақ кері байланысты ұйымдастырумен және тиісті мемлекеттік органға жолданатын мәселелерді жедел қарауға бағытталған азаматтардың өтініштерін қабылдаудың тиімді бірыңғай тетігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта 2020 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды.
(сілтеме - http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350). Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Заң әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге, соның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі жұмыстарының ұйымдастырылуына, сондай-ақ қоғамдық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі әкімшілік рәсімдерге бағытталған.Осы Кодекстің қабылдануы, соның ішінде елімізде әкімшілік сот төрелігін енгізу, мемлекеттік қызметшілер мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өз функциялары мен міндеттерін орындауға, заңдылықты сақтауға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға, өтініштерге мұқият қарауға, орындаушылық пен іскерлік қызметіне оң әсер етеді деп күтіледі. Кодекс аясында азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беріледі. Жаңа заң талаптары азаматтар құқын мемлекеттік басқарудың заңсыз әрекеттерінен, олардың әрекетсіздігінен қорғаудың тиімді және ықпалды әдістерін айқындайды.Сонымен қатар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңдарының күші жойылады.
Жаңа Кодекстегі негізгі ұғымдар қатарында:
арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
шағым – әкімшілік рәсімге қатысушының өзінің және басқа да тұлғалардың әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) бұзған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы талабы қамтылатын жолданым нысандарының бірі деп көрсетілген. Әкімшілік рәсім дегеніміз – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі. Арыз иесі және мүдделі тұлға әкімшілік рәсімге қатысушылар болып танылады.
Сонымен қатар, қолайлы әкімшілік акт және ауыртпалық салатын әкімшілік акт ұғымдары белгіленген. Қолайлы әкімшілік акт дегеніміз – әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартатын акт. Алауыртпалық салатын әкімшілік акт– әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт болып табылады.
Кодекстің 12-бабына сай Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының, яғни арыз беруші тұлғаның пайдасына түсіндіріледі.
Сонымен қатар Заң талаптарына сай әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады. Әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмейді.
Кодекстің 14-бабында формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салынған. Атап айтқанда, әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынады.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданымды бір немесе бірнеше тұлға (ұжымдық жолданым) бере алады. Егер әкімшілік рәсім жолданымды беру арқылы қозғалған болса, онда мүдделі тұлғалар басталып кеткен әкімшілік рәсімге кірісуге құқылы. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалардың әрқайсысының жолданымы бойынша жеке әкімшілік рәсімді қозғау талап етілмейді.
Кодекстің 22-бабына сай арыз иесінің:
1) әкімшілік органнан, лауазымды адамнан өзінің әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме алуға;
2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдалуға;
3) әкімшілік істі қарау барысында да, қарағаннан кейін де әкімшілік іспен танысуға, үзінді-көшірмелер жасауға және көшірмелерін түсіріп алуға;
4) өтінішхат мәлімдеуге;
5) әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге;
6) әкімшілік орган, лауазымды адам қарап қойған мәселе бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта жолданым беруге;
7) шағым жасау барысында дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға, оның ішінде түсініктер беруге, заттай дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды ұсынуға;
8) егер рәсім оның жолданымы бойынша қозғалған болса, әкімшілік рәсімді тоқтатуға;
9) әкімшілік рәсімде анна тілінденемесе өзі білетін тілде сөйлеуге, аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;
10) осы Кодексте көзделген жағдайларда қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
11) өкілініңболуына;
12) осы Кодекстекөзделгенжағдайлардаөтемақытөлеудіталапетуге;
13) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген басқа да құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
Кодекс талаптары бойынша арыз беруші қабылданған шешімге қатысты арнайы әкімшілік сотқа «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағым жасай алады. Бұл жағдайда ол талап қоюшы болып табылады.
Әкімшілік құқықтық-жұмыстар
бөлімінің басшысы Н.Г.Кусаенов