Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтуда бірыңғай талаптарды бекіту үшін орталық мемлекеттік органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары әзірленеді және бекітіледі. Осындай облыстың ветеринария басқармасына қарасты Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станцияларымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің бірі «Ветеринариялық анықтамалар беру» болып табылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен стандартқа сәйкес құжаттардың ұсынуы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне негіз болады.
Ветеринариялық анықтаманы алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде – ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz ) сайтынан ала аласыз.
Талдау, болжау, ветеринариялық есеп
және лицензиялау бөлімінің бас маманы Қ. Хамитов