Меню

Страницы

Статья

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысандарын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын  мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеп бекітті.

Облыстық ветеринария басқармасында көрсетілетін негізгі мемлекеттік қызметтердің бірі өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру болып табылады.

Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы "Жануарлар өсіруді, жануарларды,жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды(союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары" бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Есептік нөмір қызмет түрі мен өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұрады. Өндіріс объектісінің нөмірі елдің кодынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады. Қызмет түрін қамтитын Код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік және сандық символдарынан тұрады (мысал KZL01/k-1111).

Өндіріс объектісінің реттік нөмірі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың), Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерінде өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған өтінішті тіркеу кезектілігіне сәйкес анықталады. Есептік нөмір мал сою алаңдарын қоспағанда, өндіріс объектісі қызметінің барлық кезеңіне беріледі.

Мал сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде ет өңдейтін кәсіпорындар немесе мал сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға жатады. Қолда бар есепке алу нөмірін растау үшін сою алаңдары берілген есепке алу нөмірлерін сақтай отырып, Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін берудің қайта рәсімінен өтеді.

Дата публикации
25 декабря 2019
Дата обновления
25 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы