Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Өндіріс объектісіне есептік нөмірді беру үшін өтініш беруші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелеріне (аудандық ветеринария бөлімі):
1) өтініш, тиісті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіпте, өтінішті бергенге дейін отыз күнтізбелік күннен аспай берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытындының деректемелерін көрсете отырып, стандарттағы 1 немесе 2 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтініш беруші-өндіріс объектісінің мөрімен (бар болған кезде) және қолымен расталған ақпаратты ұсынады.
Құжаттарды тапсырған кезде:
оның өтінішінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, қағаз тасығыштағы тіркеу туралы белгі өтініштің қабылдануын растайды;
порталда – «жеке кабинетінде» өндіріс объектісіне есептік нөмірлер нәтижесін алу күнін көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы көрсетіледі.
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
2) «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді.
Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге сұрау жолдайды немесе өтініш беруші-өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және оны ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне жолдайды, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелері растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, оны мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді.
Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру туралы ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz) сайтынан ала аласыз.