Меню

Страницы

Статья

Ішкі сауда нысандарындағы ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2 тармағы 11-5 тармақшасына сай ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан ішкі сауда объектілерін, өндіріс объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кіреді.

 

Орал қаласында орналасқан ішкі сауда объектілерінде Орал қаласының ветеринария бөлімінің бұйырығымен бекітілген мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері күнделікті бақылауды және қадағалауды жүргізеді.

 

Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын ішкі сауда орындарында ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізетін зертхана жұмыс атқаруда.

 

Күні бүгінге Орал қаласы ветеринария бөлімінің берген мәліметі бойынша Орал қаласының ішкi сауда объектiлерiнде (базарлар) ветеринариялық-санитариялық сараптаудан 3 345 ұша сиыр еті, 307 жылқы еті, 892 қой еті, 3 507 шошқа еті сатуға өткізілді. 

 

Сондай-ақ, 2019 жылдың 15-16 мамыр күндері мал ұрлығының алдын алу және ашу мақсатында, жануарлар мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының таралуына жол бермеу мақсатында "Мал ұрлығы" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде "Рубеж" бөгеу жүйесінің «Орал», «Красновский», «Көшім» стационарлық бекеттерінде және            «Ел-ырысы» базарының қақпасы алдында тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау мақсатында, облыстық деңгейде Полиция Департаментінің криминалдық полиция басқармасы, Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармысы және ҚР АШМ ВБжҚК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

 

Нәтижесінде, сол арада заңбұзушылыққа жол берген 3 тұлғаға хаттама  толтырылып және 2 тұлғаға қатысты тиісті шара алу үшін құжаттары ҚР АШМ ВБжҚК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына жолданды.

Дата публикации
27 июня 2019
Дата обновления
25 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы