Меню

Страницы

Статья

Талдау, болжау, ветеринариялық есеп және лицензиялау

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды (профилактикасы мен диагностикасы) жоспарлау және жүргізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына  сәйкес жүргізіледі.

 

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар:
     

1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
     

2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып өткізіледі.
      

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне  қосылған аурулар бойынша жүзеге асырылады.
        

Ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасында және Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерде тіркелеген ветеринариялық препараттарды қолдану арқылы атқарылады.

       

Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, нормативтік құқықтық актілерге және жануарлардың ауру түріне жобаланатын, бекітілетін, жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға байланысты қолда бар жануарлар басын және табындағы, топтағы, отардағы, шаруашылық жүргізуші субъект және басқа топтастырылған жануарды бір уақытта ветеринариялық іс-шаралармен толық қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Дата публикации
23 июля 2019
Дата обновления
23 июля 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы