Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы бойынша үй жануары иесіне оларды ұстау кезінде қойылатын талаптар:
- Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес үй жануарларын есепке алуды (чип салдыру ветеринариялық клиникаларда үй жануарлары иесінің есебінен жүргізіледі) жүргізуге;
- Адамның және (немесе) жануардың өмірі мен саулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне үй жануарының зиян келтіруін болғызбау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға;
- Стерилизациялау арқылы үй жануарларының қалаусыз ұрпағын болғызбау бойынша шаралар қабылдауға;
- Үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, оның ішінде кондоминиум объектілерін, қоғамдық орындарды ластауына, сондай-ақ үй жануарларының қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол бермеуге міндетті.
- Иттердің өз бетінше серуендеуіне, үй жануарларын тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз серуендетуге тыйым салынады және аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбасы жасалуға тиіс.
Ескертпе: ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексінің 407-2-бабы бойынша Үй жануарларын ұстау және серуендетуге қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылық бар.
Қосымша сұрақтар бойынша: 24-16-04.