Меню

Страницы

Статья

Сібір жарасы - қауіпті індет

Сібір жарасы -  бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін.

Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол – үй жануарлары (ірі қара мал,  қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесе жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде)  және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін.  Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақтала алады.

          Сібір жарасы ауруының алдын алудың негізгі шарттарының бірі сібір жарасы көмінділері орындарын анықтап есепке алу шаралары мен жануарлардың екпесін жүргізу.

Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023 жылғы cібір жарасына қарсы вакцинациялауды жоспарлау кезінде облыста тіркелген толық мал басы ескеріліп, бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасына қарсы 2,5 млн. бас вакцинациялау жоспарланып (оның ішінде: МІҚ 805,8 мың бас, ұсақ мал 1,5 млн.бас, шошқалар 13,5 мың бас, жылқылар 242 мың және түйелер 2,2 мың бас), сібір жарасына қарсы 55-ВНИИВВиМ штаммынан жасалған тірі, сұйық вакцинамен (өндірушісі «Biotron Group» ЖШС ҚР) екпе жұмыстары жүргізілуде.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ветеринариялық-санитариялық объектілердің ішіндегі маңыздысы сібір жарасы көмінділері. Облысымызда 222 сібір жарасы көмінділері тіркелген. Соның ішінде 87 көмінді аудандық әкімдіктердің  теңгерімінде болса, қалған 135 көмінді аудандық ветеринариялық станциялардың теңгерімінде.

         2016 жылы сібір жарасы көмінділеріне облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың  алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды    ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 136 бұйрығына сәйкес  қоршалып, «Аса қауіпті! Сібір жарасы!» деген жазуы бар тақтайшалар орнатылып, көмінді орындары бетондалған. 222 сібір жарасы көмінді орындары Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесіне және топографиялық картаға енгізілді.

Алайда, елді мекендерде орналасқан сібір жарасы көмінділері қоршауларының,  тақтайшаларының ұрланып кету фактілері тіркеліп отыр.        Сібір жарасы көмінділерінің қоршаулары болмауы аталған  аурудың  таралу қаупінің бірден–бір көзі болып табылу мүмкіндігін ескеру қажет.

Сібір жарасы инфекциясынан қалай сақтануға болады:

- Жануарларды сібір жарасына қарсы егу;

- Ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;

- Ет, ет өнімдерін немесе кез келген мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстану; 

- Жануарларды күту кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді орындау;

- Ауыл шаруашылығы жануарларын союды тек қана ветеринар мамандарының рұқсатымен жүргізу;

- Жануарлардың ауруын бақылау;

- Сібір жарасы көмілген жерлердің жанында орналасқан жерлерді пайдалануға жол бермеу;

- Сібір жарасы белгілері пайда болған жағдайда емханаға дереу жүгіну.

Есте сақтаңыз: Сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады.

 

 

Талдау, болжау, ветеринариялық

есеп және лицензиялау бөлімінің бас маманы                               Р.Уразалиева

Дата публикации
13 ноября 2023
Дата обновления
13 ноября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы