Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына мемлекеттік бақылау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 39 және 40-тармақтарына сәйкес, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізеді.
Аталған қағиданың 41 тармағына сәйкес келесідей құжаттар бақылау іс-шараларын жүргізуге негіз болып табылады:
жоспарланатын кезеңнен (жылдан) алдыңғы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей, орталық мемлекеттік орган, оның ведомствосы және (немесе) аумақтық органы, жергілікті атқарушы орган және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органы басшылығының бұйрығымен бір жылға бекітілетін бақылау іс-шараларының жоспары;
жеке және заңды тұлғалардың нақты фактілер бойынша өтініштері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның тапсырмалары негізінде орталық мемлекеттік орган, оның ведомствосы және (немесе) аумақтық органы, жергілікті атқарушы орган және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органы басшылығының бақылау іс-шарасын тағайындау туралы бұйрығы.
Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасымен 2021 жылдан бастап жыл сайынғы басқарма басшысымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес басқармаға бағынысты Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станциялармен ішкі бақылау шаралары жүргізіліп келеді.
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасымен ішкі бақылау жүргізу аудандардың Мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша заңнаманың талаптарын сақтауын бақылау болып табылады.
Тексеру барысында «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453бұйрығы, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/68 бұйрығы стандарттары негізінде қызмет көрсетеді.
Ішкі бақылау нәтижесінде "Ветеринариялық анықтамалар беру" және "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметтері көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша өтініштің түскені жөнінде, жауапты маманы біліктілік арттыру курсына қатысқаны, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгісі орналастырылған ақпараттық стендтердің болуы, уақытын бұзу фактілері, негізсіз бас тарту жағдайлары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу бойынша есепті тоқсан сайын ұсыну қаралады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында Батыс Казакстан облысы ветеринария басқармасы басшысының 2022 жылгы 9 желтоқсандағы №72-н өкімі негізінде 4 ішкі бақылау шарасы жүргізілді. Жүргізілген шара нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар беріліп жойылды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz) сайтынан ала аласыз.
Талдау, болжау, ветеринариялық есеп және
лицензиялау бөлімінің бас маман
Р.Т. Уразалиева