Меню

Страницы

Статья

Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру

Бруцеллез ауруы әлемдік деңгейде белең алған жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауру. Бұл ауру сиыр, қой-ешкі, шошқа малдарының арасында жиі кездеседі. Аурудың басты белгілерінің бірі – ауырған малдың іш тастауы.Бруцеллез ауруы өңіріміз бойынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бруцеллез ауруын ауыл шаруашылығы жануарларының қан сынамаларын ветеринариялық зертханаларда диагностикалық тексеру арқылы анықтайды. Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес жасы 12 айдан асқан барлық МІҚ мен ұсақ мал жылына 2 мәрте (көктемде және күзде) бруцеллез ауруына тексеріледі.

Бруцеллезге шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрілігінің бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаға» сәйкес ветеринариялық зертхананың сараптама актісі бойынша жануар иесіне белгілі бір әкімшілік-аумақтыңбас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының берген нұсқамасымен 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ауру жануарларды санитариялық союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, яғни ет комбинаттары немесе  мал сою пункттеріне санитарлық сойысқа тапсыруы тиіс.

Облыс аумағында санитарлық малдарды союды Орал қаласында «Куспанов С» жеке кәсіпкері, «Батыс Адал-Ет», «Кублей», «Таскала ЗКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және Бәйтерек ауданында «Жәрдем» шаруа қожалығы, сондай-ақ Қаратөбе ауданында «Қоржын» шаруа қожалығы, Шыңғырлау ауданында «Шыңғырлау-Агро» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және Жаңақала ауданында «Тайыр» жеке кәсіпкері жүзеге асырады.

Биылғы 2023 жылға009 «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 51 928,9 мың тенге қаржы қарастырылған.

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 4-8) тармағына сай ауру жануарларды  санитариялық союды ұйымдастырады. Заңның 11 бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (ветеринариялық станциялар) ауру жануарларды санитариялық союға тасмалдау бойынша қызмет көрсетеді.Басқарма мен аудандық ветеринариялық станциялар арасында 2023 жылға 009 «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары жасақталып, ауру жануарларды тасмалдау жұмыстары атқарылуда.

         Облыс бойынша 2023 жыл басынан1 852 мал бастары бруцеллез ауруына оң нәтиже корсетіп(оның ішінде 1 706 бас МІҚ, 146 бас ҰМҚ), 1 661 бас (оның ішінде 1 560 бас МІҚ, 101 бас ҰМҚ) ет өңдеу кәсіпорындары мен мал сою пункттері және алаңдарына тасымалданды.

 

Танатова Эльмира Ербулатовна, бірдейлендіру, ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

Дата публикации
23 мая 2023
Дата обновления
23 мая 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы