Ветеринария саласында жұмыстың басты бөлігі бұл ветеринариялық іс-шаралар жоспары және атқарылған іс-шаралар нәтижесінің көрінісі ветеринариялық айлық есептіліктер болып табылады.
Ветеринариялық есепке алу және есептілікті жүргізу, ұсыну Қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген арнайы нысанмен жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары (МКК)ветеринариялық есепке алу журналдарыжүргізеді:
1) № 1-вет нысаны бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журналы және
2) № 2-вет нысаны бойынша жануарлардың ауруларын тіркеу журналдары тігіледі, нөмірленеді.
Ветеринариялық ұйымдары (МКК) ай сайын келесідей ветеринариялық есептіліктер ұсынылады:
1) мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған биологиялық препараттардың болуы және жұмсалуы туралы есеп (№ 3-вет нысан);
2) жануарлардың аурулары туралы есеп (№ 5-вет нысан);
3) Ветеринариялық препараттарды қолдану және жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану туралы есеп (6-вет есеп).
ЖАО бөлімшелері (ветеринария басқармасы) есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:
1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген есептер;
2) бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мәселелері, лицензиялау, ветеринария және жануарларды бірдейлендіру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлердің саны туралы есеп(7-вет есеп).
Есептік формаларды ЖАО ұсыну тәртібі келесідей:
Ветеринариялық есептілікті аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі және ауылдық округтегі ветеринариялық пункт жасайды және есептік кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне қарай облыстың ЖАО мемлекеттік ұйымының ветеринариялық станцияларға ұсынады. ветеринариялық станцияларға ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай оны облыстың ЖАО бөлімшесіне (ветеринария басқармасына) және есептіліктің екінші данасын тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынады.
ЖАО бөлімшелері (ветеринария басқармасы) ветеринариялық станциялар ұсынған есептерді жинақтағаннан және талдағаннан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелеріне ветеринариялық есептілікті ұсынады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелері ЖАО бөлімшелері ұсынған есептерге олардың толтырылуының дұрыстығына талдау жүргізеді және есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай жүргізілген талдаулардың нәтижелерімен ведомствоға ветеринариялық есептілікті ұсынады.
Ведомство алынған есептік деректердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жануарлар ауруларының пайда болу, даму және жою мүмкіндігін болжау үшін республика бойынша жиынтық есеп қалыптастырады.
Талдау, болжау, ветеринариялық есеп және
лицензиялау бөлімінің бас маманы
Г.Габдуллина