Жоба
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-6 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларында:
1-тараудың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1.Осы жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңынның 8-бабының 2) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың (иттер мен мысықтарды) тәртібін белгілейді.»;
жануарларды аулаудың,уақытша ұстаудың жәнежансыздандырудыңқағидаларынақосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2026 жылғы № шешіміне қосымша
|
Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларына қосымша |
Нысан
Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі
Қағазда жасалған және қорғаныс пленкасына салынған куәліктің мөлшері 54х85 миллиметр болады.
|
Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі (1) |
|
Ұйыматауы (2) |
|
№________ (3) |
|
QR-код (4) |
|
Фотосурет (5) |
|
Тегі, аты, әкесініңаты(барболса) (6) |
|
Берілгенкүні: __________ жыл (7) |
|
Әрекететумерзімі __________ жылға дейін (8) |
|
Осы құжаттың түпнұсқалығын деректер базасы арқылы тексере аласыз (9) |
1-жол – «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі» құжатының атауы көрсетіледі;
2-жол – жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметінің қызметкері жұмыс істейтін ұйымның атауы көрсетіледі;
3-жол – деректер базасында жинақталатын және қалыптастырылатын куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-жол - мөлшері 30х30 сантиметр деректер базасында автоматты түрде туындалатын QR-код түріндегі куәліктің бірегей сәйкестендіру нөміріне арналған орын;
5-жол – жануарлардыаулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің өлшемі 3х4 сантиметр фотосуретіне арналған орын;
6-жол – жануарлардыаулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (барболса) көрсетіледі;
7-жол - күні, айы, жылы форматы бойынша куәліктің берілген күні көрсетіледі;
8-жол - күні, айы, жылы форматы бойынша куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі;
9-жол – «Осы құжаттың түп нұсқалығын деректер базасы арқылы тексере аласыз» деген жазу көрсетіледі.