Ветеринарлық іс-шаралардың қаржыландырылуы
2023 жылы облыс аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2 млрд. 806 млн. теңге (соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге – 2 297,8 млн. теңге, ауру жануарларды санитарлық союға тасымалын ұйымдастыруға – 30,9 млн. теңге, бұралқы иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыруға – 49,9 млн. теңге, а/ш жануарларын сәйкестендіру бойынша шараларды өткізуге –20,6 млн. теңге, залалсыздандырылған мал өнімдері құнын мал иелеріне өтеуге – 8,0 млн. теңге, энзоотиялық ауруларға қарсы алдын алу шараларына – 24,8 млн. теңге, ветеринариялық препараттарды тасымалдау – 5,1 млн.теңге, облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 188,1 млн. теңге, ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға – 180,7 млн. теңге) қаражат бөлініп, толығымен игерілді.
Жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау
2023 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан жануарлардың 13 аса қауіпті ауруларына қарсы(құтыру, сібір жарасы, пастереллез, аусыл, нодулярлы дерматит, жұқпалы ринотрахеит, қарасан, оба, маңқа, брадзот, туберкулез, жоғары патогенді құс тұмауы, эхинококкоз) жоспарлы вакцинациялау жұмыстарына қажетті ветеринариялық препараттардың көлемі толықтай бөлініп, уақытылы Орал қалалық және аудандық ветеринариялық станцияларға жеткізілді.
Облыс бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы 9 701,1 мың бас жануар вакцинациялаудан өтті.
Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы іс-шаралар
Ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына (кенеге) қарсы 100,9 мың бас МІҚ (МІҚ гиподерматозы) өңдеуден өткізілді.
Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал
2023 жылы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 11 ошағы тіркелді:
- 2 құтыру ошағы (Орал қ.-2);
- 1 жылқы лептоспирозы (Тасқала ауданы);
- 5 қарасан ошағы (Теректі ауданы – 1, Бөрлі ауданы – 3, Тасқала ауданы - 1);
- 3 мүйізді ірі қараның бруцеллезінен қолайсыз елді-мекен (Тасқала ауданы – 1, Қаратөбе ауданы – 1, Жәнібек ауданы – 1).
Ауру ошақтарында тиісті ветеринариялық іс-шаралардың кешені толықтай жүргізілді.
Анықтамалы: 2022 жылы 14 ошақ (2 қарасан ошағы, 4 құтыру ошағы, 7 жұқпалы ринотрахеит, 1 брадзот) тіркелді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық ахуал
2023 жылы 782,5 мың бас МІҚ мен 1 377,2 мың бас ҰМҚ бруцеллез ауруына зерттеу жоспарланған.
Жыл қорытындысы бойынша бруцеллез ауруына 782,5 мың бас МІҚ зерттеліп (100%), оның 4,14 мың басы оң нәтиже көрсетті. Облыстың МІҚ бруцеллезімен зақымдануы 0,5% құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 0,2% төмендеген.
Анықтамалы: 2022 ж. облыстың зақымдануы 0,7% құрады.
Ұсақ малдарынан бруцеллезге 1 377,2 мың бас зерттеліп (100%), оның ішінде 0,79 мың бас оң нәтиже көрсетті. Облыстың ҰМҚ бруцеллезімен зақымдануы 0,05% құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 0,05% төмендеген.
Анықтамалы: 2022 ж. облыстың зақымдануы 0,1% құрады.
Санитарлық сойысқа тапсырылған мал иелеріне өтемақы төлеу
Бруцеллез ауруына шалдыққан жануарлар 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде мал сою орындарына тапсырылуы қажет.
2023 жылы 10 ет өңдеу кәсіпорындарымен (ЖК «Құспанов С.», ЖК «Жеңіс», ЖК «Тайыр», «Тасқала ЗКО» ЖШС, «Батыс Адал-Ет» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Батыс-Нық» ЖШС, «Қоржын» ШҚ, «Еңбек» ШҚ, «Шыңғырлау-Агро» АӨК) санитариялық малды сою туралы меморандум жасалды.
Жыл басынан бруцеллезге шалдыққан 4 141 бас мүйізді ірі қара малының 4 074 басы ет өңдеу кәсіпорындарына санитарлық союға тапсырылып, 67 басы өзге де шығындарды (өлім- жітімге ұшыраған, өз қажетіне сойылған) құрады. Бруцеллезге шалдыққан 793 бас ұсақ малдың 763 басы союға тапсырылып, 30 басы өзге де шығындарды құрады.
Бруцеллезге шалдығып, арнайы сойыс орындарына тапсырылған ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен ет өнімінің әр килограмына орташа айлық нарықтық құнының 30%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу көзделген. Жыл қорытындысымен 204 мал иесіне (643 бас ұсақ малға) 8,0 млн. теңге өтемақы төленді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру шарасы аясында 2023 жылға 310,2 мың бас ірі қара, 559,8 мың бас қой-ешкі, 354 бас түйе, 13 мың бас шошқа және 51,3 мың бас жылқыны бірдейлендіру жоспарланған болатын. Бірдейлендіру жұмыстарына қажетті құлақ сырғалары жеткілікті көлемде барлық аудандарға жеткізілді.
Жыл қорытындысы бойынша 321,5 мың бас ірі қара, 576,6 мың бас қой-ешкі, 386 бас түйе, 13 мың бас шошқа және 56,5 мың бас жылқы бірдейлендірілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысы
Облыс бойынша 2023 жылдың басынан ауыл шаруашылығы жануарларын тексеру жүргізілгеннен кейін сойысқа немесе сатуға ветеринариялық анықтама беріле отырып 178,4 мың бас МІҚ (оның ішінде басқа облыстарға 73,5 мың бас), 201,4 мың бас ҰМҚ (оның ішінде басқа облыстарға 117,2 мың бас), 34,9 мың бас жылқы (оның ішінде басқа облыстарға 23,1 мың бас), 225 бас түйе (оның ішінде басқа облыстарға 210 бас) және 432 бас шошқа (оның ішінде басқа облыстарға 32 бас) шығарылды.
Қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру және биозарарсыздандыру жұмыстары
2023 жылы облыс бойынша 7 021 бұралқы иттер ауланып, соның 4 411 биозарарсыздандырудан өткізіліп, кері мекендеу ортасына жіберілсе, қалған 2 610 қаңғыбас ит тұрғындардың өтініштері негізінде жансыздандырылды.
Иттер мен мысықтарды тіркеуге арналған дерекқорда облыс бойынша 21 474 ит пен мысық тіркелген, оның ішінде иесі бары – 6 052, бұралқы жануарлары – 15 422.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
2023 жылы барлығы 251 575 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- «Ветеринариялық анықтамалар беру» - 41 333;
- «Ветеринариялық паспорт беру» - 210 133;
- «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»– 1;
- «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» - 108.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 7 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жасырын мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының фактілері тіркелмеді.
Ветеринариялық ұйымдарды материалдық- техникалық қамтамасыз ету
Облыс бойынша 13 ветеринарлық станцияның 12-нің өз ғимараттары және ауылдық округтерде 147 ветеринарлық пунктердің 60-ы өз ғимараттарымен қамтамасыз етілген. Қалған 87 ветпункт уақытша ғимарат жалдап отыр. Балансқа алынған 60 ғимараттың 44-і күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
2023 жылы Ақжайық және Бөкейорда аудандарында 2 ветеринариялық пункт сатып алынды.
Қазіргі уақытта ветеринариялық станциялардың қолданыстағы барлық техникаларының тозу деңгейі 100%-ды құрап, автокөліктердің басым көпшілігі жүріп-тұруға жарамсыз күйде.
Материалдық-техникалық қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында 20 автокөлік ветеринариялық ұйымдардың қаражаты есебінен сатып алынды.
Мал қорымдарымен қамтамасыз ету және сібір жарасы көмінділерінің жай-күйі
Облыс аумағында елді мекендерде 260 мал қорымдары тіркелді, соның ішінде 63 типтік үлгіде (биотермиялық), 197 қарапайым шұңқырлар.
2023 жылы Бәйтерек ауданының Дариян және Железнов ауылдарында типтік үлгіде 2 мал қорымы салынды.
Сонымен қатар облыста 222 сібір жарасы көмінділері тіркелген. Тіркелген 222 көміндінің 87 көміндісі аудандық әкімдіктердің теңгерімінде болса, қалған 135 көмінді аудандық ветеринариялық станциялардың теңгерімінде. Соның ішінде, 47 көміндінің қоршаулары жоқ, қалған 175 көміндіде қоршаулары орнатылған.