Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы, 090000, Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 84, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 26-08-22, 8 (7112) 24-16-05, е-mail: sh.kaiyrman@bko.gov.kz, төмендегідей бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері: Кәсіпорын жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық жасау. Жаңақала ауданы аумағында ветеринария саласындағы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру. ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кәсіпорын қызметінің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын ұйымдастыру. Кәсіпорынды сапалы кадрлармен қамту, еңбек қауіпсіздігін, еңбек тәртібі мен әкімшілік рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларына сай мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысына міндеттелген өзге де іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру.
Үміткерлер конкурстық комиссия қарауына төмендегідей құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында қабылданады.
Кандидаттармен әңгімелесу конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында өтеді.