Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасына 2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша - 15 азаматтың өтініші тіркелді. Оның 12-сі жеке тұлғалардан келген, ал қалған 3 өтініші – заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерірінің қазақ тілінде – 7 және қалған 8 өтініш - орыс тілінде келіп түскен.
7 өтініш - «ветеринария» сұрағы бойынша (ветеринарлық қызмет көрсету мәселесі бойынша, ақпарат сұрату), 3 өтініш – «өнеркәсіптің жалпы мәселелері» бойынша, 4 өтініш – «ауылшаруашылығының жалпы мәселелері» бойынша және 1 өтініш – «лауазымды адамдардың әрекеттері және әрекетсіздігі» сұрағы бойынша тіркелеген.
Өтінішке мерзімінде жауап беріліп, уақытынан кешіктірілу себептері болған жоқ.
Өтініш берілген тілде жауап берілмеген өтініштер болмады.
Басқарма тарапынан үнемі уақытылы жауап беру шаралары ұйымдастырылып, жұмыстар жалғасын табуда.
Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне сот арқылы шағымдану болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ЭҚАБЖ бағдарламасына дұрыс тіркеу, бақылауға қою, өтініш иелеріне талон беру, бірегей нөмірлерін енгізу, орындалу кәртішкелерін толтыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғаларың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015жылғы 18 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» №147 бұйрығына сәйкес жүргізіліп, үнемі бақылауда.