2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша БҚО ветеринария басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің талдау нәтижелері

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасына  2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша - 19 азаматтың өтініші тіркелді. Оның ішінде 6 өтініш қазақ тілінде, қалған 13 өтініш орыс тілінде келіп түсті.  

8 өтініш -  ветеринария сұрағы бойынша (ветеринарлық қызмет көрсету мәселесі бойынша, ақпарат сұрату), 3 өтініш – ауыл шаруашылығының жалпы мәселелері туралы, 2 өтініш – өнеркәсіптің жалпы мәселелері бойынша, ал қалған 5 өтініш – білім берудің жалпы мәселелері бойынша тіркелеген.

Өтінішке мерзімінде жауап беріліп, уақытынан кешіктірілу себептері болған жоқ және өтініш берілген тілде жауап берілмеген өтініштер болмады. Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне сот арқылы шағымдану болған жоқ. Басқарма тарапынан үнемі уақытылы жауап беру шаралары ұйымдастырылып, жұмыстар жалғасын табуда.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ЭҚАБЖ бағдарламасына дұрыс тіркеу, бақылауға қою, өтініш иелеріне талон беру, бірегей нөмірлерін енгізу, орындалу кәртішкелерін толтыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  12 қаңтардағы  №221 «Жеке және заңды тұлғаларың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015жылғы  18 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»  №147 бұйрығына сәйкес жүргізіліп, үнемі  бақылауда.

Дата публикации
26 апреля 2021