2019 жыл бойынша БҚО ветеринария басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің талдау нәтижелері
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасына 2019 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша 14 (8 – жеке, 6 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде арыз - 6, шағым - 2, сұраныс - 3, ұсыныс - 3. Түскен өтініштер санынан түсінік берілді - 12, 2 өтініш қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.
Сонымен қатар 5 өтініш мемлекеттік тілде болса, 8 өтініш орыс тілінде, 1 өтініш қазақша-орысша тілінде.
Жалпы 2019 жылдың 12 айында келесідей мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті: 2 - кәсіпкерлік, 1 – тұрмыстық қызмет көрсету, 2 – халықтың тұрмысы, 9 - ветеринария саласы (ветеринарлық қызметкөрсету мәселесі бойынша, бруцеллез ауруына шалдыққан малдардың құнын өтеу және ақпарат сұрату).
Өтініштерге мерзімінде жауап беріліп, уақытынан кешіктірілу себептері болған жоқ.
Өтініш берілген тілде жауап берілмеген өтініштер болмады.
Басқарма тарапынан үнемі уақытылы жауап беру шаралары ұйымдастырылып, жұмыстар жалғасын табуда.
Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне сот арқылы шағымдану болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ЭҚАБЖ бағдарламасына дұрыс тіркеу, бақылауға қою, өтініш иелеріне талон беру, бірегей нөмірлерін енгізу, орындалу кәртішкелерін толтыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғаларың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015жылғы 18 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» №147 бұйрығына сәйкес жүргізіліп, үнемі бақылауда.