Ветеринария саласында ветеринариялық есепке алу және есептілікті жүргізу, ұсыну Қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген арнайы нысанмен жүргізіледі.
Соның ішінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелері есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:
- Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілердегі жауарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық– санитариялық сараптамасы туралы есеп (1-вет есеп);
- Ішкі сауда объектілеріндегі (базарлардағы) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық– санитариялық сараптамасы туралы есеп (2-вет есеп);
- Мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған биологиялық препараттардың болуы және жұмсалуы туралы есеп (3-вет есеп);
- Заңды тұлғалардың ветеринариялық биопрепараттарды өндіруі туралы есеп (4-вет есеп);
- Жануарлардың аурулары туралы есеп (5-вет есеп);
- Ветеринариялық препараттарды қолдану және жемшөп пен жемшөптік қоспаларды пайдалану туралы есеп (6-вет есеп);
- Ветеринариялық– санитариялық объектілерді салу, лицензиалау мәселелері, ветеринария және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлер саы туралы есеп (7-вет есеп);
- Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілердегі жауарлардан алынатын өнім мен шикізаттың мемлекеттік ветеринариялық– санитариялық бақылау және қадағалау және ветеринариялық–санитариялық сараптама нәтижелері туралы есеп (12-вет есеп);
- Ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергілікті атқаруашы органдардың анықталған бұзушылықтардағы қызметіне жүргізілген ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау есебін қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мен жергілікті атқаруашы органдардың бөлімшелерін тексеру, сондай-ақ айқындалған ветеринария саласындағы заңнаманы бұзушылықтар туралы есеп (13-вет есеп).
Есептік формаларды ЖАО ұсыну тәртібі келесідей:
1) Орал қаласы мен аудандық ветеринария бөлімдері (ЖАО бөлімшелері) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан және ветеринариялық ұйымдардан (аудандық ветеринариялық станция және ветпункт) есеп жинақтарын жинақтағаннан және талдағаннан кейін, есеп беру кезеңінен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ветеринариялық есептілікті облыстық ветеринария басқармасына (облыстық ЖАО бөлімшесі) және екінші данасын аудандық аумақтық бөлімшесіне ұсынады;
2) Облыстық ветеринария басқармасы жинақтауды және талдауды жүргізгеннен кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ветеринариялық есептілікті ведомостваға (ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті) ұсынады.
Есеп деректері ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын жасағанда және жануарлар ауруларының пайда болуын болжау, дамуы және оларды жою кезінде пайдаланады.
Ветеринариялық есептіліктерді жүргізілуі туралы толық ақпаратты 8(7112)26-07-83, 24-16-04 телефондары арқылы және Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының (www.vetupravlenie-bko.gov.kz) сайтынан ала аласыз.