Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар

Гиподерматоз (Hypodermatosis) – бөгелек балаңқұрттары тудыратын, жалпы организмнің улануымен, малдың  азып – тозуымен және оқыра орналасқан терінің қабынып, өзгеруімен сипатталатын ірі қара малының  созылмалы ауруы. Қоздырғышы ірі қараның тері астын мекендейтін Hypoderma туысына жататын бөгелектер.

Гиподерматозбен негізінен ірі қара мал (оның ішінде қодас, өркешті бұқалар, буйволдар) ауырады. Паразит жылқыларға да жұғып, сирек жағдайда ауру қоздыра алады.

Оқыра бөгелектерінің өсіп – өнуі бір – біріне ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген жұмыртқа салады. Қолайлы жағдайда бөгелек жұмыртқаларынан І  сатыдағы балаңқұрттар тұмсығымен теріні тесіп, ет пен терінің арасына енеді. Сонан соң балаңқұрттар ірі қан мен жүйке тамырларын бойлап, малдың жотасына қарай жылжиды. Мал жотасына жеткен соң омыртқа аралық ұлпаға еніп, жұлынның майлы қабатына орын тебеді. Ал, тері астына енетін балаңқұрттары өңешке жылжып, өңештің кілегей қабатының астына барып орнығады.

Ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады, қораға, көлеңкелі жерге, орман-су сағалап қашады немесе суға түсіп тұрады. Осының әсерінен мал арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді. Бірақ бөгелектің ұрғашылары малды қуып жүріп  немесе олардың жайылымда жатқан жерінде терінің түгіне жұмыртқаларын жапсырып кетеді. 3-7 тәуліктен кейін жұмыртқалардан шыққан балаңқұрттар теріге ену кезеңінде мал қатты ауырсынады. Терінің шелі ісінеді, балаңқұрттар жұлынға немесе өңешке жеткенде, ал кейін арқа тері астына шыққанда оқыраның клиникалық белгілері айқын білінеді. Жұлынға барған балаңқұрттар, шонданай жүйкесін жартылай салдандырады.

Жатқан мал орнынан әрең тұрады, жүргенде арт жағы шойқалаңдайды. Ал, өңеші зақымдалып, эзофагитке ұшыраған мал жем-шөпті әрең жұтады, кейде өңеш тығындалып қалуы мүмкін. Аурудың кейінгі сатысында малдың жотасы мен белінде кішірек түйіндер пайда болады. Содан соң олар үлкейіп, ортасында тесігі бар төмпешікке айналады. Балаңқұрттар өскен сайын төмпешік ішінен жалқаяқ шығып, маңындағы түкті желімдеп тастайды. Жалқаяқтың әсерінен малдың арқасы жасыл түске боялады. Төмпешік қолға қап-қатты, аздап ыстығы бар, басып көргенде мал ауырсынады.

Анықтау тәсілдері: Қыстың аяғында гиподерматозға шалдыққан малды қарап зерттейді, арқа жотасының екі жағын алақанмен сипап немесе саусақтарымен басып көреді. Мал жотасының екі жағын, шоқтықтан бастап құймышаққа дейінгі аумақты сипайды.

Емі: Оқыраға қарсы күресті оның балаңқұрттарының І сатысына қарсы бағыттау тиімді. Бұрындары жүйелік әсер ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-хлорофос, амидофос, сульфидофофс, гиподермацид және тағы басқалары қолданылды. Соңғы кездері шетелдік дәрілер – ивомек, ивермек, цидектин, фасковерм, аверсект және инъекциялық гиподектин мен сыртқа қолдануға арналған гиподектин қолданылып жүр.

Негізгі емді күз айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді.

Көктемде малды 1 рет малдәрігерлік бақылаудан өткізеді. ІІ және ІІІ сатыдағы балаңқұрттармен зақымданған малды жоғарыда көрсетілген дәрілердің біреуімен емдейді.

Алдын-алу шаралары: Жаздың ыстық күндерінде ірі қараны оқырадан қорғау үшін, күндіз қорада ұстап, түнде  жайған жөн. Жәндіктерді үркітетін ветеринариялық препараттар қолданылады.

Ветеринарлық препараттарды қолданар алдында ветеринарлық маманмен кеңесу қажет.

 

 

Эпизоотияға қарсы ветеринариялық

іс-шараларды ұйымдастыру

бөлімінің бас маманы

Г. Илияс

Документы
Анықтама
09 января 2026
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы
Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринария саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған ветеринариялық іс-шаралар
Анықтама
18 июля 2025
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Ақпарат
11 июня 2024
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы
2024 жылдың І тоқсаны бойынша энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуі
Новости
Полезные материалы
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
Сібір жарасы - қауіпті індет
Ауыл шаруашылығы жануарларының листериозы - қауіпті зооноз
Медиагалерея
1
Теректі ауданында ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
1
Ақжайық ауданында ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы