Батыс Қазақстан облысында «Шаңырақ күні» мерекесіне орай өңірдің үлгілі отбасыларымен кездесу өтті.

Батыс Қазақстан облысында «Шаңырақ күні» мерекесіне орай өңірдің үлгілі отбасыларымен кездесу өтті.

Наурызнама тұжырымдамасы аясында елімізде 16 наурыз – «Шаңырақ күні» атап өтіледі. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында «Алтын шаңырақ» (50 жыл) және «Күміс кереге» (25 жыл) отбасыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Қадралиев қатысып, мерейтой иелеріне ыстық лебізін білдірді. Кездесу барысында әр отбасының өмір жолы баяндалып, берік құндылықтары мен отбасы институтының маңызы атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға, өскелең ұрпаққа үлгі болуға бағытталған.