
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2024 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша 291 адам және 268 техника бірлігі жұмылдырылған.
Атқарылған шаралар:
✅ Шығарылған қар көлемі – 310 631 м³, соңғы тәулікте – 12 744 м³
✅ Сорылған су көлемі – 2 757 м³, соңғы тәулікте – 1 689 м³
✅ Орал қаласы мен оның маңындағы 33 көше тазартылды
📍 Орал қаласында қар тазалау және шығару жұмыстары 22 көшеде жүргізілуде, олардың ішінде Мәметова, Гагарин, Назарбаев, Достық және басқалары бар.
📍 Зашаған кентінде 5 көшеде жұмыс атқарылуда.
📍 Деркөлде 5 көше тазартылуда.
📍 Круглоозерныйда Тоғайлы-Мамыр көшесінде жұмыстар жүргізілуде.
8 наурыздан бері жедел желіге 6 өтініш келіп түсті, соңғы тәулікте – 1.
Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда. Қажет болған жағдайда тұрғындар төтенше қызметтерге жүгіне алады.
🔹 Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізіп, су тасқынының алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.