
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларды табыстады.
«Құрмет» орденімен облыстық перинаталдық орталығының директоры Жанна Ділманова, облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының тарих, құқық және экономика пәндерінің мұғалімі Күләш Наурызғалиева және «Желаев нан өнімдері зауыты» акционерлік қоғамының басшысы Алмагүл Хамитова,
«III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі №1 құрылыс учаскесінің шебері Айнагүл Байгалиева марапатталды.
БҚО әкімі Нариман Төрегалиев әйелдердің өңірдің дамуына қосқан үлесіне және олардың белсенді азаматтық ұстанымына тоқталды. Облыс басшысы әйелдер тек экономика мен әлеуметтік дамуға ғана үлес қосып қоймай, сонымен қатар күшті әрі тұрақты қоғам құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.