«Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына 1 260 000 000 теңге қаражат бөлініп отыр. Осы бағдарлама аясында 70 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бағдарлама талаптары:
- Тұрғын үй сатып алудың шекті бағысы – 18 000 000;
- Несие беру уақыты – 19 жылға дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%.
Бағдарламаға қатысу үшін:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Қатысушының жасы 21 жастан 35 жасқа дейін, өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының және оның жолдасы немесе жұбайының Батыс Қазақстан облысында соңғы 1 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы;
- Бағдарламаға қатысушылар соңғы 12 ай тұрақты тіркелген аумақ бойынша тұрғын үйді несиеге ала алады;
- Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Батыс Қазақстан облысында кем дегенде соңғы 12 ай, міндетті зейнетақы жарналарымен болу қажет:
- Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы тиіс. Үміткер және оның отбасы мүшелерінде ортақ бірлескен меншік болған жағдайда 25% көп болмауы тиіс. Үміткердің және оның отбасы мүшелері меншігінде жер телімі, жатақхана немесе саяжай болуы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға қатысатын нақты жастар санаттары:
- Денсаулық сақтау, атап айтқанда: Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес медицина қызметкерлері «техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, тиісті жоғары және орта білімі бар, Батыс Қазақстан облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар номенклатурасын және мамандандырылуын, номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес;
- Білім, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Батыс Қазақстан облысында орналасқан, тиісті жоғары және орта білімі бар білім беру саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелердің (оның ішінде мемлекет 100% қатысатын АҚ және КЕАҚ, Орал қаласында орналасқан ЖОО педагог мамандары) педагог қызметкерлері;
- Мәдениет, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Батыс Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік мәдени қалалық және республикалық ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) бейінді қызметкерлері;
- Спорт, атап айтқанда: Батыс Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда, сондай-ақ «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ және «ҚР Ұлттық Параолимпиада комитеті» ҚБ-да еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
- Батыс Қазақстан облысының коммуналдық кәсіпорындарының /мекемелерінің қызметкерлері (Батыс Қазақстан облысының мемлекет 100% қатысы бар коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, АҚ, ЖШС), техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда;
- Мемлекеттік қызметшілер, ақылы мемлекеттік лауазымды атқаратын және заңнамаға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік органның атынан лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері;
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлері – құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Жастар қоғамдық бірлестігінде 1 жылдан кем емес уақыт жұмыс атқарған азаматтар (зейнеткерлік аударымдар мен еңбек кітапшасы арқылы растау қажет);
Өтінім беру үшін шотта 1 млн теңге болуы шарт.
Кандидаттардың ұпайларын есептеу келесідей тәртіппен есептеледі:
- Бірінші бала үшін – 1,5 ұпай;
- Әр келесі бала үшін – 1 ұпай;
- Тіркелген некедегі әр жыл үшін – 1 ұпай;
- Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға – 1 ұпай;
- «Отбасы банк» АҚ есепшотында әрбір 10% жинақ үшін – 1 ұпай беріледі. (20% болса – 2 ұпай, 30% болса – 3 ұпай тиісінше)
Өтінім беру qr.gov.kz сайтына тіркелу арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарлама туралы қосымша сұрақтар туындаған жағдайда БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа 87051430606 жүгіне аласыз.