2025 жылдың 1 наурызында облыстың Достық үйінде «Бірлік пен келісімнің 30 жылдығы» атты салтанатты концерт өтті

2025 жылдың 1 наурызында облыстың Достық үйінде «Бірлік пен келісімнің 30 жылдығы» атты салтанатты концерт өтті

Маңызды іс-шараға облыстық Ассамблея хатшылығының ардагерлері мен өкілдері, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің мүшелері, өңірдің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері мен басшылары, жоғары оқу орындарының зиялы қауымы мен профессор-оқытушылар құрамы, студент жастар, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Барлық қонақтар мен қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы-Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы елдегі этносаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті нығайту мақсатында құрылғанын атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарында ҚХА мәдениетаралық және этносаралық диалогтың бірегей институты, «халықтық дипломатияның», мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының пәрменді құралы болып табылатынын дәлелдеді.

Қазақстандықтардың азаматтық құндылықтары мен бірегейлігін, елдің дамуы үшін ішкі жауапкершілігін дамытуды, этносына қарамастан қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатын іске асыруды қоғам Тәуелсіз Қазақстанның негізі ретінде таниды.