
Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдық мерейтойына орай аудандық өңірлерге іссапар ұйымдастырды.
25 ақпан, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Шыңғырлау ауданы халқымен кездесу өткізді. Кездесуге Шыңғырлау ауданының түрлі этнос өкілдері, ардагерлер, ақсақалдар және жастар қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған қызметі мен оның мақсаты жөнінде сөз қозғалып, Ассамблеяның 30 жылдығына орай облыста ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ақсақалдар кеңесінің жұмысы да талқыланып, оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен маңыздылығы атап өтілді.
Жиынға қатысушылар Ассамблея туралы өз пікірлерімен бөлісіп, ауданның қоғамдық өміріндегі бірлік пен келісім туралы әңгіме өрбітті.
#ҚХА30жыл
#АНК30лет
#APK30years