
Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің қолдауымен және Азаматтық Альянстың ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған облыстың әр саласында қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге арналған 2 күндік семинар өтті.
Семинардың жабылуына аудан әкімі Н.Даумов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Ә.Сабұров, облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Кадралиев қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған семинарда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен тәжірибелі заңгерлер маңызды және өзекті ақпаратпен бөлісті.