Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы лауазымына  Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы тағайындалды.      

 

Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы 1981 жылы туған. Білімі - жоғары.

 

Әр жылдары:

         - 2000 – 2019 жж. – мемлекеттік органдардың  әртүрлі құрылымдарында жұмыс  атқарды;

- 2019 – 2020 жж. - «Батыс Қазақстан облысының экологиялық-географиялық қоғам» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары,  баспасөз хатшысы;

- 2020 – 2023 жж. - Халықаралық құқық қорғау орталығы БҚО филиалының басшысы, кәсіби медиатор, баспасөз хатшысы.

 

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ  басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар, «Арман-Орал» қайырымдылық қорының басшысы, «Amanat» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып қоғамдық жұмыстарды атқарды.