
БҚО-да Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты жиын өтті
Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдің үкіметтік емес ұйымдары жетекшілері мен сала мамандары қатысты.
Салтанатты жиын барысында алдымен облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, белсенді үкіметтік емес ұйымдарды облыс әкімінің мерекелік Алғыс хатымен марапаттады.
Сондай-ақ, «БҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Аслан Тапишев «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» тағайындаған «Үкіметтік емес ұйым ардагері» және «БҚО азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін»медалін табыс етті. Сонымен қатар, бірнеше аудандық қоғамдық бірлестіктер жетекшілері облыстық Қоғамдық даму басқармасының Алғыс хатымен марапаттады.
Жиын әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.