
Ардагерлерге гүл шоғын қою рәсімінен соң, салтанатты жиын Облыстық филармония залында жалғасын тапты. Салтанатты жиында облыс әкімінің құттықтау хатын БҚО Қорғаныс істері департаменті басшысы оқып, алғыс хаттар табыс етілді. БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Берген барша катысушыларды құттықтап батасын берді. Жиын мерекелік концертпен аяқталды.