БҚО-да Ауған соғысы ардагерлеріне арналған монументте гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

БҚО-да Ауған соғысы ардагерлеріне арналған монументте гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 15 ақпан 10.00-де Жеңіс алаңында орналасқан Ауған соғысы ардагерлеріне арналған монументте гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шарада ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Гүл шоғын қою шарасына ауған соғысы ардагерлері, әртүрлі ұрыс-қимыл ардагерлері, облыстық қорғаныс департаменті мен жергілікті әкімдік қызметкерлері, коғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері, барлығы 150 адам қатысты.
"БҚО азаматтық Альянсы" президенті А.Тапишев, "БҚО ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамы" коғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, "Құрмет" ордені иегері, ауған соғысы ардагері А.Боровский құттықтау сөз сөйледі.