«Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсына өтінімдер қабылдау басталғаны жөнінде азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті

«Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсына өтінімдер қабылдау басталғаны жөнінде  азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті

9 ақпан Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында «Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсына өтінімдер қабылдау басталғаны жөнінде азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде «Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсына 10 бағыт бойынша өтінімдер қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатырғаны туралы түсініктер берілді.
Конкурстың мақсаты әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйелдер көшбасшыларын қолдауға, сонымен қатар өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасын және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған неғұрлым маңызды және пайдалы жобаларды, бастамаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
Конкурс жеңімпаздарын облыстық комиссия айқындап, іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жобаны Ұлттық комиссияға жібереді.
Барлық сұрақтар бойынша 87752350895 телефоны бойынша хабарласу қажет.