
2024 жылы 5 ақпан күні облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның төрағалығымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы БҚО бойынша фронт-кеңсе сарапшысы Жантас Сафуллин, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту және көші-қон бөлімінің бас маманы Ерболат Сағынов, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Аэлита Абулхаирова, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бас инспекторы Динара Зинованың қатынасуымен кездесу өткізілді.
Кездесуде «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.