1 - ақпан дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сенің дауысың маңызды!» Батыс Қазақстан облысының жас сайлаушылар форумы өтті

1 - ақпан дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сенің дауысың маңызды!» Батыс Қазақстан облысының жас сайлаушылар форумы өтті

Кездесу отырысының модераторы Сарсенбаев Нұрсұлтан Чапайұлы кіріспе сөзбен отырысымызды ашып, алғашқы алғы сөзді облыс әкімінің орынбасары - Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов сөйледі.
Аталмыш форумға сарапшылар, облыстың белсенді жастары, жастар ұйымдары, волонтерлар және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Форумның мақсаты – жастардың назарын сайлау үдерістерінің өзекті мәселелеріне аудару, жастардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылды. Форумның тақырыбына сай ақпараттық видеоролик көрсетілді.
Батыс  Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Тауфиқұлы Жоламанов, «Орал студенттері Альянсы» Корпоративтік Қорының директоры Тасболат Серікқалиұлы Серікқалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті, белсенді жас Ихсанова Камшат Қайратқызы, Республикалық «Жас сайлаушылар клубының» мүшесі Ильяр Мұсажанұлы Муталипов сөз сөйлеп, студенттермен пікір алмасып, форумды концерттік бағдарламамен қорытындылады.