Елімізде 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады

Елімізде 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады

Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастырып, өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында жүргізілетін өңірлік кадрлық резервтерге іріктеуге жасы 35 жастан аспаған жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес ҚР-ның азаматтары қатыса алады.

Салалық бағыттары мен резервшілердің нақты саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, Өңірлік кадр комиссиясымен айқындалады.

Ал, іріктеу индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру және экология бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ резервке іріктеу 5 кезең бойынша жүргізіледі.

Олар:
1) құжаттарды қабылдау
2) заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу
3) құзіреттерді бағалау
4) сұхбат
5) комиссия отырысы