«Студенттік және мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының үздіктері» байқауы ұйымдастырылды.

«Студенттік және мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының үздіктері» байқауы ұйымдастырылды.

2023 жылдың 17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне аясында, өңіріміздегі ЖОО және колледжердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыс жоспарын жасақтау және шаралардың атқарылуы бойынша рейтинг жүргізу мақсатында, сондай-ақ биылғы жылы өңіріміздің қоғамдық өміріне зор үлес қосқан жастарымызды көтермелеу мақсатында «Студенттік және мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының үздіктері» байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш байқаудың «Жоғарғы оқу орындарының үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы» аталымымен М.Өтемісұлы атындағы Батыс қазақстан университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы атанса, «Жоғарғы оқу орындарының үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы» аталымы бойынша М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттік ректоры Ерсаинов Чингиз Миржанұлы, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттік парламенті» аталымымен Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттік Парламенті, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттік парламенті төрағасы» аталымымен Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттік парламент төрағасы Парахатов Нурсултан Алимбайұлы, «Үздік мектеп парламенті» аталымы бойынша жеңімпаз атанған Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп парламенті, «Үздік мектеп парламенті төрағасы» аталымымен Казталов мектеп лицейінің мектеп парламенті президенті Асылбекова Томирис Айбекқызы марапатталды.