
Ағымдағы жылдың 12 қазан күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Психолог Омарова Баян Қонаровнаның қатысуымен, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой -өрісін дамыта отырып есірткі,ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері,келешек өмірлеріне оның зардартары туралы түсіндіру мақсатында «Жасөспірім құқығы және зиянды заттар» тақырыбындағы семинар өткізілді.