Букмекерлік кеңселерде кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейд жүргізілді

Букмекерлік кеңселерде кәмелетке толмағандарды  анықтау мақсатында рейд жүргізілді

Ағымдағы жылдың 1-10 қараша күндері аралығында "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Орал қалалық полиция басқармасының полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып "Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" әлеуметтік жобасы аясында Букмекерлік кеңселерде кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында 4 рейд өткізілді. Рейд барысында букмекерлік кеңселерде, компьютерлік ойын-сауық орталықтарымен түрлі сауда орталықтарында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталып ескерту беріліп, түнгі уақытта қоғамдық орында тәртіп бұзушылықтың орын алмауы, сонымен қатар жасөспірімдер бойына құмар ойынға қарсы мінез құлықты қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.