Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейд жүргізілді

Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын  алуға бағытталған рейд жүргізілді

Ағымдағы жылдың 11 тамыз – 25 қараша күндері аралығында "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Орал қалалық полиция басқармасының полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып "Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" әлеуметтік жобасы аясында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 16 рейд өткізілді. Рейд барысында ең алдымен рейдке өз үлесін қосуға келген белсенді жастармен волонтерлерге алдын-ала нұсқау жүргізіліп, рейд барысында таныту қажет азаматтық ұстанымдармен рейдтің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар букмекерлік кеңселерде, компьютерлік ойын-сауық орталықтарымен түрлі сауда орталықтарында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталып ескерту беріліп, түнгі уақытта қоғамдық орында тәртіп бұзушылықтың орын алмауы, сонымен қатар жасөспірімдердің ата-анасының қарауынсыз түнгі қалада жүруі секілді қоғамда қадағалануы тиіс мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.