
Ағымдағы жылдың 17-қараша күні Батыс Қазақстан қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ақжайық өңірінің белсенді, өз саласында үздік атанып жүрген жастары арасында «Білімділер додасы-2023» зияткерлік ойынының студенттік лигасының финалдық ойыны өткізілді.
Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен командалар:
І орын – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;
ІІ орын – М.Өтемісов атындағы БҚУ;
ІІІ орын – Жоғары инженерлік-техникалық колледжі.
«Үздік ойыншы» номинациясымен М.Өтемісов атындағы БҚУ командасының ойыншысы – Батырғали Риза марапатталды.