
2023 жылдың 26 қазан қыркүйек күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Bilimdiler dodasy» зияткерлік ойынын ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында, «Bilimdiler dodasy» зияткерлік ойынының студенттер лигасының жартылай финалдық кезеңі оздырылды. Жобаның мақсаты: жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін насихаттау, қатысушылардың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын көрсету. Сайыс нәтижесінде финалдық ойынға Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің командасы және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің командалары жолдама алды. Жартылай финалдық кезеңнің Үздік ойыншысы - Орал гуманитарлық-техникалық колледжі командасының ойыншысы Жақсығалиев Дәулет.