Студенттер лигасының іріктеу кезеңінің 1-ші ойыны.

Студенттер лигасының іріктеу кезеңінің 1-ші ойыны.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні  «Bilimdiler dodasy»  зияткерлік ойынының студенттер лигасы бастау алды. Сайысқа Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің,Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі, «А.Иманов» атындағы жол-көлік коледжі және Орал «Болашақ» көпсалалы колледждерінің командалары қатысуға өтінім білдірді. Ашылу салтанатында барысында ойын ережесі таныстырылып қатыстырушылардың сұрақтарына жауап берілді.