Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні «Bilimdiler dodasy» зияткерлік ойынының студенттер лигасының іріктеу кезеңінің 2-ойыны өткізілді. Сайысқа қатысушылар 1-кезеңде жіберген қателіктерімен жұмыс жасап жартылай финалдық кезеңге өту үшін барын салды. Сайыс нәтижесінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі және Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледждерінің командалары жартылай финалдық кезеңге жолдама алды.