
«Білімділер додасы-2023» зияткерлік ойынының жастар арасындағы ашық лигасының және студенттер лигасының қатысушылары арасында арнайы жоба өтті. Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған арнайы жобада Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің командасы жеңіске жетті. Ал екінші орынды жастар арасындағы ашық лига ойындарының қатысушылары VI-топ (Команда капитаны: Мүсірова Зердегүл) иеленсе, үшінші орынға Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттері қол жеткізді. Сондай-ақ ойынның «Үздік ойыншы» аталымын Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі командасының ойыншысы - Гапаров Еркебұлан иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен арнайы статуэткалар және бағалы сыйлықтар табысталды.