«Bilimdiler dodasy» зияткерлік ойынының ашық лигасының іріктеу кезеңінің 3-ші ойыны

«Bilimdiler dodasy»  зияткерлік ойынының ашық лигасының іріктеу кезеңінің 3-ші ойыны

Ағымдағы жылдың 9-тамыз күні халықаралық жастар күніне орай аудан жастары арасында «Bilimdiler dodasy»  зияткерлік ойыны оздырылды. Бұл жолы талантымен елге танылып, талабымен өрге жүзген, әр түрлі салада еңбек етіп, үздік атанып жүрген өңіріміздегі аудан жастарының  білім деңгейі таразыланды. Жобаның мақсаты: жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін насихаттау, қатысушылардың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын көрсету. Сайыс нәтижесінде Қазталов ауданы жастары командасының ойыншысы Сагидуллин Уалихан Ерғалиұлы Үздік ойыншы атанып көрермен ықыласына бөленсе, Теректі ауданы жастарының командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Ал Тасқала ауданының жастары командасы 2-орынға қол жеткізсе, Сырым ауданы жастары Халықаралық жастар күніне арналған "Bilimdiler dodasy" зияткерлік ойынының ЖЕҢІМПАЗЫ атанды.