«Bilimdiler dodasy» зияткерлік ойынының ашық лигасының іріктеу кезеңінің 1-ші ойыны

«Bilimdiler dodasy»  зияткерлік ойынының ашық лигасының іріктеу кезеңінің 1-ші ойыны

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білімділер додасы-2023» зияткерлік сайысының жастар арасындағы ашық лигасының бастау алды. Зияткерлік ойынға қатысатын 10 командаға ойынның ережесі мен талаптары түсіндірілді. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған командалар жартылай финалда және финалдық кезеңде өнер көрсететін болады. Ойын нәтижесінде 2-топ капитаны Тұржігітов Аманбек Тілекұлы үздік ойыншы атанды.